Бұқтырма өзенінен су тасқынын болдырмау үшін мұзды жару жүргізілді

Фото: ҚР ТЖМ

Су тасқыны қаупін алдын алу мақсатында Қатонқарағай ауданы, Коробиха ауылы, Бұқтырма өзенінде 12 000 шаршы метр алаңда жарылыс жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Аталған ауданда мұз қалыңдығы 60 сантиметрге жеткен. Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген қар суы мен мұз массаларын кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді.