Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір ашылды

Фото: ҚР Көлік министрлігі

Президент тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.



Көлік қатынасы үшін салынған көпір Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аударын байланыстырады.


Тәуліне көпір 80 мыңға дейін көлік өткізе алады.


Өткелге 18 шақырым жер тартылды.


Көпірдің ашылуына ҚР Премьер министрі Олжас Бектенов қатысты.