Бұрынғы әкімнің ағасына қылмыстық іс қозғалды
Фото: pexels
Жақында әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы – Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелін үйден қуып шыққандығы туралы видео тарады. Құқық қорғау органдары жағдайға құқықтық баға берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астананың ПД-нің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Полицияның баспасөз қызметі жұбайын ұрғаны үшін оған қылмыстық іс қозғалғанын, болған оқиға егжей-тегжейлі зерттеліп, анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, күдіктіні бұрынғы әйелі Дана Атешованың қорлауына байланысты 5 тәулікке қамаққа алды. Бұл ақпаратты Астана сотының ресми порталы растайды. Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық бұзушы өз кінәсін мойындамады және ұрып-соғуды да, қорлауды да жоққа шығарады.