Бұрынғы ауыр атлет қазір күзетші болып жұмыс істейді

Фото: Ашық дереккөз

Отандық зілтемірші, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешев қазір Алматыда күзетші болып жұмыс істейді. Өтешев бұл туралы Youtube-арнадағы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты.


Спортшы «мемлекетке керек болмай қалдық» деп ашынды.


«Қазақта «Ердің басына күн туса, етігімен су ішер» дейді ғой. Қазір соны бастан кешіріп жатырмын. Көтерілсең бәрі қолпаштайды, бір сүрінсең бәрі жек көріп кетеді. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Қолымнан келгеннің бәрін істедім. 230 килограмды көтере салу деген оңай емес. Допинг деп жатады, бірақ ондай салмақты басыңнан асыру оңай емес. Соны көтердік. Қазір омыртқамның төрт жерінен жарам бар. Не айтамын, қазақ халқын жақсы көремін, қазақ болып туғаныма мақтанамын. Сүрінсең қасыңда ешкім болмайды екен. Сол қорлыққа шыдамай Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады. Альберт Линдер де арамыздан ерте кетті. Кезінде үкімет бізді пайдаланды. Туды көтердік. Одан кейін ешкім болмай қалдық. Неге олай? Денсаулығымызды бердік, омыртқадан омыртқа, тізеден тізе қалмады», - деді спортшы.


Пост из социальной сети

Айта кетейік, Алмас Өтешев 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.