Денсаулық сақтау министрлігі мектептерге біріңғай арнайы ас мәзірін енгізбек

 фото на taspanews.kz от 11 октября 2024 09:01
Фото: ҚР ДСМ

10 қазанда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрі Гани Бейсембаев бірігіп мектеп аралап, ондағы тамақтану мәселесін ойластырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ДСМ-не сілтеме жасап.


Астаналық №95 мектеп-лицейді аралау барысында министрлік өкілдері асхана жай-күйі, ондағы санитариялық-гигиеналық нормалар мен тамақ әзірлейтін ортаны бақылап қайтты.


Нәтижесінде, ДСМ тамақтану стандарттарын қайта қарап, балалардың физикалық және ойлау қабілетінің әлеуеті артуына бағытталған біріңғай ас мәзірін дайындамақ.


Следите за новостями Taspanews