Димаш Құдайберген Болгария стпортшыға Олимпиада финалына шығуға көмектесті

Фото: Димаш Құдайберген ресми сайты

Көркем гимнастика бойынша жарыстарда болгарлық спортшы Боряна Калейн қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "SOS d' un terrien en distresse " композициясымен өнер көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz dimashnews порталына сілтеме жасап.


Димаштың орындауындағы музыкалық сүйемелдеуді таңдау кездейсоқ болған жоқ. Спортшы бағдарламасындағы барлық төрт жаттығу бір сюжеттік желіге қосылған.Біреуінің соңы –екіншісінің басы. Сонымен қатар, әр нөмір Борянаның өмірбаянынан үзіндісі, оның жеңістері мен үлкен спорттық жолда өткен қиындықтары туралы әңгімелейді.


Жақсы таңдалған композиция мен спортшының шеберлігінің арқасында Калейн турнирдің финалына шыға алды. Біліктілік қорытындысы бойынша ол 136.450 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.


Осы іріктеуге қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева қатысты. Спортшы 126.600 ұпай жинап, жарысты 13-ші орында аяқтады.Көркем гимнастика бойынша жарыстарда болгарлық спортшы Боряна Калейн қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "SOS d' un terrien en distresse " композициясымен өнер көрсетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz dimashnews порталына сілтеме жасап.