Доллардың орташа бағамы Қазақстан бойынша 510 теңгеге жетті

Фото: Freepik

Доллар құны айырбастау пункттерінде өсуін жалғастыруда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Kurs.kz сілтеме жасап.


Ақтөбелік айырбастау пункттерінде доллар 504,5 - 514,5 теңгеге дейін жетті. Талдықорғанда, Алматы мен Астанада ең үлкен көрсеткіш – 510 теңгені құрайды. Шымкентте 511 теңгеге дейін өсу байқалады.


Еске салсақ, 19 қарашада Қазақстандағы доллар құны 500 теңгеден аса бастаған.