eGov Mobile қосымшасында ҚазПоштаның онлайн қызметі қолжетімді болды

Фото: Pexels
Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасында шетелдік маркетплейстерден тауар сатып алып, кедендік құжаттарды ресімдей алатын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz eGov-ке сілтеме жасап.
«Qazpost» сервисі арқылы халықаралық сатып алуды ұйымдастыруға болады. Оның ішінде екі бағыт бар:
Keruen дропшиппинг – АҚШ, Еуропа және Қытайдан тауар жеткізу және Keden – кедендік декларация.
«Keruen – шетелдегі дүкендерден жеткізу» бөлімінде жеткізу құны мен мерзімі көрсетіледі. Пайдаланушы күтілетін сәлемдемені бақылау үшін «Күтілетін сәлемдемені қосу» батырмасын басып, барлық қажетті өрістерді толтырып, «Жіберу» батырмасын басу арқылы қоса алады. Keden – кеден қызметтері бөлімінде бажды есептеу және жиі қойылатын сұрақтармен танысу мүмкіндігі бар»,