Екібастұзда ТЖ режимі енгізілді

Екібастұзда ТЖ режимі енгізілді  фото на taspanews.kz от 02 июля 2024 11:06
Midjourney

Екібастұзда техногендік сипаттағы факторлар негізінде ТЖ режимі енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Ашық НҚА" порталында жарияланған жобаға сілтеме жасап.


Үш қазандық агрегатына жөндеу жүргізіледі, оның екеуі күрделі жөндеуден өтеді. Әкімдік Екібастұзда төтенше жағдай жариялаудың себебі –"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының өтініші болды деп түсіндіреді. Техногендік сипаттағы ТЖ режимін енгізу туралы шешім жылыту маусымы басталар алдында жылу объектілерінде жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау және жыл бойы ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қабылданды.


Өткен жылы Екібастұз ЖЭО-да үлкен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Он қазандық қондырғысының сегізі күрделі жөндеуден өтті. Осы іс-шаралардың нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы үзіліссіз өтті, – деп хабарлады әкімдік өкілдері. Бұған дейін Екібастұзда техногендік төтенше жағдай жарияланатыны хабарланған болатын. Жоба 16.00-ге дейін көпшіліктің талқылауында болды.


Следите за новостями Taspanews