Елбасы Ұлттық мұражайдағы көрмені тамашалады

 фото на taspanews.kz от 06 июня 2024 15:28
Фото: Ақорда
 фото на taspanews.kz от 06 июня 2024 15:28
Фото: Ақорда
 фото на taspanews.kz от 06 июня 2024 15:28
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мұражайды аралап, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесін тамашалады, – деп хабарлайды Taspanews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Өнертанушы Ольга Батурина Мемлекет басшысына белгілі қазақстандық суретшілердің туындылары жинақталған «Дала суреті: рәміздер, түстер, бейнелер» көрмесін ұсынды.


Президентке сондай-ақ итальяндық ұлы шебер Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.


Бұл атақты картинаның көрсетілімі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай итальяндық Scripta Maneant баспасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл жоғары ренессанс кескіндемесінің Еуропадан тыс жерде алғаш рет ұсынылуы.


Көрмеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Италия елшілігі және Италия мәдениет институты қолдау көрсетеді.


Елорда тұрғындары мен қонақтары «Сұлу ханшайым» картинасын ағымдағы жылдың 4 тамызына дейін тамашалай алады.


Следите за новостями Taspanews