Елорда су айдындарындағы профилактикалық рейд өтті

Елорда су айдындарындағы профилактикалық рейд өтті фото на taspanews.kz от 19 июля 2024 13:21
Фото: Астана қаласы ТЖД

ТЖД қызметкерлері тарапынан елордалық су айдындарында профилактикалық жұмыстар өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласының ТЖД-на сілтеме жасап.


Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент қызметкерлері шомылуға қатаң тыйым салынған учаскелерде рейд жүргізді.


Рейд нәтижесінде су айдындарында табылған азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізілді, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін бұзған және тыйым салынған жерлерде шомылған адамдарға әкімшілік хаттамалар жасалды.


Следите за новостями Taspanews