Елорда су айдындарындағы профилактикалық рейд өтті

Фото: Астана қаласы ТЖД

ТЖД қызметкерлері тарапынан елордалық су айдындарында профилактикалық жұмыстар өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласының ТЖД-на сілтеме жасап.


Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент қызметкерлері шомылуға қатаң тыйым салынған учаскелерде рейд жүргізді.


Рейд нәтижесінде су айдындарында табылған азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізілді, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін бұзған және тыйым салынған жерлерде шомылған адамдарға әкімшілік хаттамалар жасалды.