Елордада 15 жаңа мектеп құрылысы жүреді
Фото: Depositphotos
Астанада 2025 жылы 22 мың орындық 15 жаңа мектеп салынады, – деп хабарлайды taspanews.kz Astanovka98.kz сілтеме жасап.
Оның ішінде 7 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында салынып, 14 мың балаға білім берілмек. Сондай-ақ, жеке инвесторлардың қаражатына 4 жаңа мектеп ашылып, 6 000-нан астам оқушыны қабылдайды.
Нұра ауданында 4 ектеп, Алматы ауданында – 2 және бір мектеп Байқоңыр ауданында орналасады.
Одан бөлек, 4 жеке меншік мектеп соғылады. Бұл мекетптерде 6000-нан астам оқушы болады. 5172 оқушыны қабылдауға дайын мектептің іргетасы Есіл ауданында қаланады. 1 мектеп Нұра ауданында ашылады.