Эмомали Рахмон Астанада өтетін ШЫҰ басшыларының кездесуіне қатысады

 фото на taspanews.kz от 03 июля 2024 16:16
Фото: UKIMET

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Астанаға ШЫҰ саммитіне келді. Taspanews.kz-тің хабарлауынша, үкіметтік Telegram-арнасының мәліметінше, жоғары мәртебелі мейманды әуежайдан ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов күтіп алды.


ШЫҰ 2001 жылы құрылғаннан бері оның негізін қалаушылардың бірі Тәжікстан бұл ұйымда әрқашан маңызды орынға ие. Соңғы 5 жылда Тәжікстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қарым-қатынастар дамып, тауар айналымының 48,2%-ға артқанын көрсетіп, 1,1 млрд долларды құрады.


Айта кетейік, ШЫҰ аясында экономикалық белсенділік артып келеді: тауар айналымы 2019 жылғы 42 миллиард доллардан 2023 жылға қарай 66 миллиард долларға дейін өсті.


Следите за новостями Taspanews