Ең төменгі есептік көрсеткіштертер белгіленді: айлық есептік көрсеткішке 240 теңге қосылды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 05 января 2025 11:40
Фото: Depositphotos

2025 жылы 1 қаңтардан бастап Айлық есептік көрсеткіш 6,1%-ға өсті, – деп хабарлайды Taspanews.kz GOV.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР Заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл, салықтар мен басқа төлемдерді қолдану үшін жүзеге асатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері ұлғайтылды.


«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы аясында әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер белгіленді:


Айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңгені құрады;


Зейнетақының ең төменгі көрсеткіші – 62 771 теңге;


Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;


Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.


Еске салсақ, 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені құраған.


Следите за новостями Taspanews