«Ер мен әйел арасындағы төсек қатынасы сыртқа шықпауы керек»: Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелінің айналысатын кәсібі туралы не ойлайтынын айтты

Фото: instagram.com/zhaksygen_n

  Танымал жайдарманшы, актер, блогер Нұрсұлтан Жақсыген соңғы жағдайларға байланысты Анна Данченкоға сұқбат беріп, бұрынғы келіншегімен ара-қатынасы туралы ашып айтты. Осыған дейін олар әлеуметтік желіде сөзге келіп, біраз отбасылық дүниелерді дүйім жұртқа жайып салған еді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Сұраққа жауап берген ол бұрынғы әйел Фариза Алмазқызының интим гимнастикасын үйрететіні туралы пікірін бөлісті.


«Қазір интимді гимнастика туралы үйрететіндер көбейіп кетті ғой. Менің ойымша, ер мен әйел арасындағы төсек қатынасы сыртқа шықпау керек. Ал оны дүйім жұртқа жария етіп, әлеуметтік желіге салу болмайтын нәрсе. Сонда менің әйелімді барлық ер адамдар көруі керек пе? Соны үйретіп жүр. Оның үстіне кеш келетінді шығарды. Құрбыларымен отырып қалады, жолда кептеліс дейді. Онда басқа жұмыс істе дедім. Ол келіспеді. «Жоқ, мен өзім оқығанмын» деді. Ол жұмысты бастамай тұрып, бір ауыз ескертіп айтқан-айтпағаны есімде жоқ. Негізі, бір айтқан кезде өзі түсіндіріп, сабақ беріп кетеді деп ойламадым. Өзіне керек шығар деген ой болды. Мүлде әлеуметтік желіге салып, сабақ беріп, курс сатады деген ой келмепті», – деді актер.  


Пост из социальной сети