Ертіс өзеніне құлаған көлік жағаға шығарылды

Фото: ҚР ТЖМ видео скрин

Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөлік ҚР Төтенше жағдай қызметкерлерімен сыртқа шығарылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Көлік ішінде болған екі жолаушыны іздеу жұмыстары жалғастыруда. Іздестіруге жалпы 100-ден астам құтқарушы, полиция мен еріктілер жұмылдырылды.


Еске салсақ, көлікте 3 жолаушы, бір жүрпгізуші болған. Бір жолаушы өздігімен жағаға шығып, көліктің жарыс барысында емес, тежегіш пен газды шатастырудан құлағанын жеткізді. Әйел адам да көліктен шығып үлегрген, алайда оны ағын су алып кеткен. Әйелдің мәйіті 1-шағын ауданда, оқиға орнынан 11 шақырым жерде табылды.