Ертіс өзеніне құлаған көлік жолаушылары табылуда
Фото: Depositphotos
Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөліктің жолаушылары табыла бастады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жолаушылардың бірі судан шығып, өздігімен жағаға жеткен. Одан бөлек, оқиға орнында сағат 09:00-де қайтыс болған адамның денесі табылды. Автокөлікте жалпы саны 4 адам болғаны анықталды. Тергеу жұмыстары жүргізіледі.
Құтқару операциясына 55 құтқарушы қатысуда.
Еске салсақ, 5 қаңтар, сағат 06:00 шамасында Ертіс өзенінің жаны, Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлік бетон қоршаумен соқтығысып, суға құлады.