Ертіске құлаған көлік: оқиға себебі мен екінші жолаушының табылуы

Фото: Depositphotos

Семейдегі Бейбітшілік аралындағы көлік жарыс нәтижесінде емес, тежегіш пен газды ажырата алмағандықтан құлағаны белгілі болды. Одан бөлек, қыз баланы ағын су алып кеткен, – деп хабаралайды Taspanews.kz Abai.news сайтына сілтеме жасап.


Жағаға шығып, аман қалған жолаушының айтуы бойынша жарыстың болған оқиғаға қатысы жоқ. Абай облысы Полиция департаменті мәліметіне сай, жүргізуші газ бен тежегіш педальдарды шатастырған.


Еске салсақ, 5 қаңтарда Ертіске 4 адамы болған автокөлік құлап кеткен. Жолаушылардың бірі өздігімен жағаға шыққан. Одан бөлек, қыз бала да көліктен шығып үлгерген, алайда, денесін ағын су алып кеткен. Оның мәйіті 1-шағын ауданда, оқиға орнынан 11 шақырым жерде табылды.