"Есентай-Молл" жер асты өткелі су астында қалды

Фото: Pexels

10 шілдеде өткен қатты нөсер Алматыдағы бірқатар көшелердің су басуына себеп болды. "Есентай-Молл" СО жерасты өткелінде төтенше жағдай қалыптасты, - деп хабарлайды Taspanews.kz Kris_p_almaty Telegram арнасына сілтеме жасап.


Жаңбыр суы Әл Фараби даңғылында жаппай жиналды. Су басу орнына коммуналдық қызмет бригадасы, сорғы станциясы жергілікті ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері шақырылды. Ведомствоның мәліметінше, су айдау 22:30-да аяқталған.