Есепте тұрған тұрмысы мен әдеті қолайсыз отбасылар тексерілуде

d фото на taspanews.kz от 18 сентября 2024 15:44
Фото: Pexels

СҚО-да “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz-се сілтеме жасап. 


Солтүстік Қазақстан облысында тұрмысы лас және ата-анасы ішімдікке салынып кеткен отбасылар қайта тексерілді. Нәтижесінде, Петропавлда маскүнем ата-ана балалары бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды. Ал үйін лас ұстағандарға 1 апта тазалық жұмыстарын іске асыруға уақыт берілді. 


"Басты назарда – тұрмысы қолайсыз отбасылар мен полицияда есепте тұрған жасөспірімдер. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 4 фактісі және ата-ана міндеттерін орындамаудың 2 фактісі анықталды", – делінген Polisia.kz сайтында.

“Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында отбасыларға бірнеше рет ескерту беріледі, баланы алып кету тек мәжбүр болған жағдайда орындалады.


Следите за новостями Taspanews