Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көлікті өртеуге тырысты
Фото: Жабыл облысы ПД-і
Жамбыл облысындағы "Алматы-Екатеринбург" трассасында "Қарасора-2024" профилактикалық іс-шаралары барысында кинолог-мамандар мен патрульдік полиция қызметкерлері Lexus ES 350-ді тоқтатты, – деп хабарлады аймақтық ПД-і Taspanews.kz редакциясына.
"Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде жолаушы көлікке бензин құйып, өртемек болды. Алайда біздің қызметкерлер өртті бірден сөндірді",
Өңірлік ПД баспасөз қызметінде автокөліктің жүк салғышынан ерекше иісі бар заты бар төрт полиэтилен қапшық табылғанын және тәркіленгенін нақтылады.
"Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 105 кг-ға жуық кептірілген марихуана екенін анықтады, есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысы мен Астана қаласының тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды",