Есірткімен жасырын  айналысушыларға жаза түрі қатаңдатылды

I фото на taspanews.kz от 27 ноября 2024 17:09
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда есірткіні жасырын өндіргені үшін жазаны қатаңдату қарастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


27 қарашада Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы есірткіні заңсыз өндірумен айналысатындар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды белгілейтін заң қабылдады.


Өзгерістер Президенттің есірткі қылмыстары бойынша  жауапкершілікті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде ұсынылды.


"Енгізілген өзгерістер есірткіні "жасау" және "өндіру" ұғымдарын нақты ажыратады. "Өндіріс" деп енді есірткі заттарын көптеп өндірумен айналысатын жерасты зертханаларының қызметі анықталады", – делінген Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Заңнамалық өзгерістер жазаны едәуір күшейтеді: есірткіні заңсыз өндіру ең ауыр қылмыстарға тең болады. Жаңа нормаларға сәйкес, есірткі өндіруге жаза 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінге жетуі мүмкін.


Следите за новостями Taspanews