Есіл және Бұланды аудандарында 78 жаңа үй салынуда

 фото на taspanews.kz от 21 июня 2024 16:56
Фото: ҚР Темір жол министрлігі

Ақмола облысының Есіл және Бұланды аудандарында 78 жаңа үй салынуда, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Темір жол министрлігіне сілтеме жасап


Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың баспанасын қалпына келтіру барысы туралы ақпарат беруді жалғастыруда.


Министрліктің Ахуалдық орталығының ақпараты бойынша Ақмола облысында 1265 нысанға техникалық тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша келесі іс-шаралар анықталды:


331 тұрғын үйдің құрылысын бастау, оның 273-і қазіргі уақытта салынып жатыр;


220 үй сатып алу, 172 үй сатып алынды;


714 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Есіл ауданында 21 жаңа үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, 189 үйді жөндеуден өткізіп, тағы 16 үй сатып алу жоспарлануда.


Бұланды ауданында Ивановка және Капитоновка ауылдарында 57 жаңа үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, 58 үй салу, 113-ін жөндеу және 10-ын сатып алу жоспарлануда.


Құрылыс жұмыстарының барысын нақты уақыт режимінде gov.kz порталы арқылы бақылауға болады. Барлық құрылыс және жөндеу жұмыстарын аяқтау жаздың соңына жоспарланған.


Министрлік инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.


Следите за новостями Taspanews