Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көлікті өртеуге тырысты

Фото: Жабыл облысы ПД-і

Жамбыл облысындағы "Алматы-Екатеринбург" трассасында "Қарасора-2024" профилактикалық іс-шаралары барысында кинолог-мамандар мен патрульдік полиция қызметкерлері Lexus ES 350-ді тоқтатты, – деп хабарлады аймақтық ПД-і Taspanews.kz редакциясына.


"Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде жолаушы көлікке бензин құйып, өртемек болды. Алайда біздің қызметкерлер өртті бірден сөндірді", - деп айтылған хабарламада.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінде автокөліктің жүк салғышынан ерекше иісі бар заты бар төрт полиэтилен қапшық табылғанын және тәркіленгенін нақтылады.


"Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 105 кг-ға жуық кептірілген марихуана екенін анықтады, есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысы мен Астана қаласының тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп қорытты полиция.