Фертилді жастағы әйелдер арнайы тексеруден өте алатын болады

P фото на taspanews.kz от 27 февраля 2025 15:35
Фото: Pexels

Фертилді жастағы әйелдер үшін "Аналар саулығы" бағларламасы аясында 12 зерттеп-қарау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында «Әрбір әйел – әрбір бала» іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде 2024 жылы ана өлімі көрсеткіші 12%-ға төмендегенін мәлімдеді.


Министрдің айтуынша, аналардың қазасына әсер ететін негізгі факторлар – әйелдердің экстрагениталдық аурулары мен прегравидарлық дайындықтың төмендігі. Осыған байланысты "Аналар саулығы" арнайы бағдарламасы бекітілді.


Бағдарлама шеңберінде алғаш рет жүкті болуды жоспарлаған фертилдік жастағы әйелдер МӘМС аясында 12 базалық зерттеп-қараудан өте алады. Егер патология анықталса, арнайы сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.


«Маңызды бағдарламаның іске асырылуын тиісті бақылауға алуды және ағымдағы жылдың соңына дейін 50%-ға дейін прегравидарлық дайындықпен қамтуды қамтамасыз етуді сұраймын. Атап айтқанда, әйелдердің арасында сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі байқалатын өңірлердегі жұмысты күшейту қажет», - деді ведомство басшысы өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына сөйлеген сөзінде.


Следите за новостями Taspanews