FlyArystan басшысы әуежайда қалған қыздың анасынан кешірім сұрады
11 тамызда Flyarystan компаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде Астана-Орал рейсіне ұйымдасқан топтың құрамына ілікпей, әуежай аумағында қалып қойған 12 жастағы Зере Ғалиеваның анасы Жазира Мусинадан кешірім сұрау мақсатында Оралға ұшып келді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, кездесуде осы жағымсыз жағдайға алып келген бірқатар факторлар талқыланды. Кездесуге Көлік министрлігінің өкілдері де қатысты. Леджер болған оқиғағаның келеңсіздігін айқындап, қыздың туыстарынан кешірім сұрады, сонымен қатар отбасына ел бойынша тегін әуе сапарларына сертификаттар берді.
Еске салсақ, 20 шілдеде 12 жасар Зере Астанадан Оралға бара жатқан рейстен қалып қойды. Егіз әпкелі-сіңлі бар және оларға жауапты тұлға Астана арқылы АҚШ-тан Оралға ұшуды жоспарлаған. FlyArystan қызметкерлері оның әпкесі Заурені рейске тіркеп,Зерені кейінірне бортқа отырғызылады деп мәлімдеді. Алайда, әуе кемесін ауыстыруға байланысты рейсте орын жеткіліксіз болып, Зере жалғыз қалды.
Кейіннен FlyArystan отбасына төрт миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы ұсынғанын түсіндірді, бірақ Жазира Мусина ұсыныстан бас тартып, сотқа жүгінуге ниет білдірді. Өзінің ресми мәлімдемесінде авиакомпания басшылығы оқиға компания жіберген бірқатар қателік салдарынан болғанын және Зерені ресйке кіргізбеу туралы шешім қабылдағанын айтады.
Азаматтық авиация комитеті жан-жақты тергеу жүргізетінін және копанияны кәмелетке толмаған жолаушының құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартатытын айтты.