Газдың ағуы Хромтау қаласында өрт туғызды

Фото: Rawpixel

13 қыркүйекке қараған түні Ақтөбе облысы Хромтау қаласында өрт орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Хромтау қаласы, Есет батыр көшесінде Иілгіш жалғағыш газ шлангінің герметизациясының істен шығуынан табиғи газ тұтанды. Оқиға көпқабатты үйлің бесінші қабатындағы пәтерде болған. 


Өрт сөндірушілер 60 тұрғынды сыртқа шығарып, жалынды тоқтатты.