Гендерлік теңдік бойынша жоспар даярланды

Гендерлік теңдік саясаты бойынша жоспар даярланды фото на taspanews.kz от 16 июля 2024 14:07
Фото: Pexels

16 шілдеде Үкіметтің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары жарияланды, – деп хабарлайды Taspanews Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап. Жоспарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген.


Жоспар 50 ден астам іс-шараны қамтиды.


Соның ішінде келесі салаларға аса назар аударылған.


1.    Білім беру саласы бойынша:


Білім ордаларында гендерлік стереотиптер мен алалаушылықтарға қарсы күрес бойынша ақпараттық кампаниялар өткізу;


Балалар мен жастардың мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге талдау жүргізу;


ЖОО гендерлік-сезімтал академиялық орта стандарттарын ілгерілету сияқты және т.б.


2. Денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру саласы


Демографиялық ерекшеліктерді ескере отырып, алыс аудандар мен елді мекендерде медициналық және жастар денсаулық орталықтарын дамыту;


Ерлер мен әйелдердің жоспарлы скринингтік тексерулерінен өтуді тексеру және гендерлік талдау;


Бас бостандығынан айыру орындарындағы ерлер мен әйелдердің медициналық қызметтерге, тұлғалық дамуына, білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге талдау жүргізу және т.б.


3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы


Еңбек нарығындағы жалақы теңдігі бойынша мониторинг және талдау жүргізу;


Шымкент Алматы қалалары көшіп-қонушы жұмыссыз әйелдер үшін кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және т.б.


4. . Гендерлік теңдік институтын нығайту және неке-отбасы қатынастары мен бала тәрбиесі


Әкелерді отбасының өміріне тарту, балаларды тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;


Республикалық телеарналарда гендерлік саясат жөнінде сюжеттер көрсету;


Мансап пен отбасылық өмірде табысқа жеткен ерлер мен әйелдер арасында «рөлдік модельдер» насихаттау және т.б.


Жоспар 29 шілдеге дейін жария талқылауда. Қаулы қабылданған жағдайда оған қол қойылып, мақсатты іс-шаралар орындалады.


Жоспардың толық мәтіні: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15129126


Следите за новостями Taspanews