Гүлмира Смайыловаға пәтер сыйланды: тұрмыстық-зорлық зомбылық құрбанына халық көмегі

Фото: Қорғау дағдарыс орталығының инстаграмы

Хабар телеарнасының даулы ток-шоуына шақырылған Гүлмира Смайылова пәтерлі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz NewTimes.kz ақпаратына сілтеме жасап. 


Гүлмира Смайылова мен оның 6 баласына Астанадағы 3 бөлмелі пәтер сыйланды. 55 шаршы метр пәтер Евразия ауданында үйдің 1-ші қабатында орналасқан. 


"Біз сансыз пәтерлерді қарастырдық. Мұндай тәжірибеден бірінші рет өтуіміз. Үлкен жауапкершілік сезіндік", – делінген "Қорғау" дағдарыс орталығы жарияланымында.


Еске салсақ, Гүлмира Смайылова Хабар аранасындағы "Бірақ" ток-шоуында қатігез күйеуімен кездесіп, күтпеген жайға тап болды. Әлеуметтік көмек сұрап келген ол сол кезде еш нәтижеге жете алмаған еді. Оны өз қамқорлығына алған  "Қорғау" кризистік орталығы халықтан көмек сұрап, ақшалай қор жинай бастады. Соңында 16 627 475,54 тг жиналып, құны 16 400 000 тг пәтер сатып алынды.