Gold Coin цифрлық инвестиция монетасы іске қосылады

Фото: ҚР Ұлттық банкі
Қазақстан азаматтары цифрлық экономика жағдайында инвестициялай алуы үшін және қаражат жинауы үшін 17 наурыздан бастап Gold Coin» жобасы аясында ÚKI инвестициялық монетасы іске қосылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.
Gold Coin-ның бір данасы алтынның 1/20 троя унциясына тең.
"Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады",
Gold Coin -ды Tabys мобильді қосымшасында онлайн түрде сатып алуға болады. Одан бөлек, сату және сыйға тарту қарастырылған.
Сонымен қатар, 17 наурыздан бастап Gold Coin-ды Ұлттық банктің бөлімшелерінде UKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.