Google, Apple, Netflix және Amazon Қазақстан бюджетін толтыруда

Фото: Google play

2024 жылғы көрсеткіштерге сай, Қазақстан бюджеті едәуір толыққан, – деп хабарлайды Taspanews.kz Хабар 24KZ сілтеме жасап.


Қазақстанда сандық салада ел азаматтарына өз сервисын қолданысқа беріп, қызмет көрсететін халықаралық компаниялар 2022 жылдан бастап өзінің елдегі белсенділігі үшін салық төлеп келеді. Олар қосымшаларды, медиа контентті, бұлттық қызметтерді және басқа сандық қызметтерді сатып, ел аумағында таратады.


Ағымдағы жылда бюджетке Google-дың өзі 23 млрд теңге кұйған. 


Мемлекетке салық төлеушілердің қатарында Apple, Netflix және Amazon бар.