Грузияға қашқан қылмыскер: қыз зорлауға тырысқан ер адам Грузиядан экстрацияланды
Фото: DALLE
Халықаралық іздеу нәтижесінде арада үш жыл өткен соң Грузияда ұсталған қылмыскер Қазақстанға экстрацияланды, – деп хабарлайды Taspanews ҚР БП сілтеме жасап.
Бас прокуратура, ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі көмегімен қазақстандықты экстрадициялаған.
Зорлауға әрекет жасаған, алайды жәбірленушісі қашып үлгерген азаматты сот кінәлі деп таныған. Ол үкім шығаруға қатыспай, жасырынған. Содан 3 жыл бойы бостандықта жүрген ол Грузиядан табылып, ендігі кезекте Астана қаласының тергеу изоляторында қамауда.
2020 жылы болған оқиғада ол қызды зорламақ болған. Жәбірленуші қарсылық көрсетіп, қашып үлгерген. Қылмыскер ойлағанын іске асыра алмаған.
ҚР Бас прокуратурасы сұрауымен Грузиялық тарап экстрадициялау туралы шешім қабылдады.