Гүл сатуды сылтау етіп алаяқтыққа барған күдікті ұсталды

Pexels фото на taspanews.kz от 14 ноября 2024 11:45
Фото: Pexels

Астана қаласында Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақшаны қолданып, бөтеннің ақшасын иемденгендік бойынша күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Гүл сатуды сылтау етіп, 18 жасар азамат Астана тұрғындарын алдап соқты деп күдікке ілінді. Ол гүлді жеткізу үшін 20-40 мың теңгеге дейін алдын ала төлем талап етіп, қаражатты белгілі бір есепшоттарға аударумен айналысқандығы келтірілді. 


Күдікті күнәсін мойындады. Жалпы келтірілген шығын 300 мың теңгеге бағаланды. Осыған ұқсас жағдай бойынша 16 рет алаяқтық жасағаны белгілі болды.


Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.


Следите за новостями Taspanews