Гүлзира Айдарбекованың киген көйлегі желіде қызу талқыға түсті
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатуға киген ерекше образын көрсетті. Қызғылт түстегі көйлек желі қолданушыларының сынына қалды.
«Ерке қызымызды абысынымның қалауымен өзім ұзатар болған соң, арнайы осылай ерекше көйлек тіктіріп, киіп шығарып салдым. Әр шаңырақта дүркіреген той болсын! Бұған дейін де біраз туыстарымның қыздарын ұзатқан болатынмын. Бұл жолы өзіме өте жақын қайын сіңілімді ұзатуға лайықтысың, әулетіміздің мақтау тұтатын келіні, әрі қызымыздың жеңгесісің деп, сенім білдірген абысыныма алғысым шексіз! Қызымыз өзім сияқты барған әулетінің батасын алып, үлкен әулетті отбасы болып, құдаларымыз 1000 жылдық болуын жазсын Алла», – деген жазба қалдырды продюсер Instagram-дағы парақшасында.
Айдарбекованың көйлегіне тіркелушілері әртүрлі пікір білдірді.
«Қазақи үлгіде киіну керек еді», «Жас емессің ғой. жасыңа лайықты киім киші», «Мына көйлек мүлдем ұнап тұрған жоқ», «Балалардың бассейні сияқты ма? Не киіп алдыңыз, апамау», «Өте ерекше образ екен. Сізге бәрі де жараса кетеді ғой», «Өзіңіз ұзатылатындай киініп алыпсыз ғой», «Осылай қыз ұзатады ма», «Көйлек от», - деп жазуда көпшілік.