ІІМ автокөлік құралдарын заңсыз тіркеуді анықтады

Polisia.kz фото на taspanews.kz от 21 октября 2024 10:39
Фото: Polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі Алматы қаласы прокуратурасы қолдауымен көлік құралдарын заңсыз тіркеу бойынша қылмыстық іс-әрекетті әшкереледі, - деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Көлік құралдарының бірегей кодын өзгерту, жалған құжаттар негізінде тіркеуді жүзеге асырылып келген.


Тексеру барысында VIN кодтарын өзгертуге маманданған шеберхана табылды. Заңға қайшы 150-ден астам көлік тіркелген.


Бұл қылмыстық іс-әрекетке мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері, олармен бірігіп әрекет еткен делдалдар да ат салысқан. Бір «дропперге» елуге дейін көлік тіркелген.


Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасуда,  – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Қылмыскерлердің әрекетінен келтірілген шығын 320 миллион теңгеден асады деген болжам келтірілді. Алаяқтық, мемлекеттік дерекқорлардағы ақпаратты заңсыз өзгерту және сәйкестендіру кодтарын бұрмалау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды.


Следите за новостями Taspanews