Илон Масктың анасы Алматыда: BeWoman форумы аясындағы сапар

Фото: aqshamnews.kz

17 қазанда Мэй Маск Орталық Азия әйелдерімен тәжірибе бөліспек, – деп хабарлайды Taspanews Aqshamnews-ке сілтеме жасап.


Ол дұрыс тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік тақырыптары бойынша және жалғыз басты ана болу тәжірибесімен бөлісу үшін Алматыда өтетін BeWoman форумына арнайы келген.


Форумға бармай тұрып бүгін Мэй Маск Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар мұражайын аралады. Қазақи мәдени мұраны бағалап, ерекше әсерімен бөлісті.