IMEI кодтары верификациядан өтпеген ұялы телефондар бұғатталмайды

Фото: Pexels
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда қазіргі таңда анықталған 3,5 млн заңсыз смартфон бұғатталмайтынын жеткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24.kz сілтеме жасап.
24-наурыздан бастап жаңа ережелер енгізіледі. Ендігі кезекте ұялы телефон операторлары IMEI кодтар жалған ба, әлде дұрыс па екенін тексеретін болады. Осылайша, шет елден ұрланып сатқан ұялы телефондар анықталады.
Бұл шара әзірге елде бар заңсыз телефондарға қатысы қолданылмайды. Наурыздың соңынан бастап, бақылау іске қосылады.