Ішкі Істер министрлігінде полиция күніне орай салтанатты іс-шара өтті

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/797402?lang=kk

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінде полиция күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды kaz.taspanews.kz ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.


Полиция күніне орай ІІМ қызметкерлері, Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның ардагерлері, сонымен қоса шетелдік құқық қорғау органдарының өкілдері мен ведомство қонақтары қызмет барысында қаза тапқандардың құрметіне арналған мемориалдық тақта алдында жиналды.


Қызметке адалдығымен көзге түскен полицейлер марапатталды. Көптеген офицерлерді тәрбиелеген Ішкі Істер органдары ардагерлерінің, сондай-ақ халықаралық Ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқан шетелдік әріптестердің еңбегі ерекше атап өтілді.


– Құрметті әріптестер мен ардагерлер! Қазақстан Республикасының Полиция күні құтты болсын! Бұл мерекенің атап өтілуі заң мен қоғамдық тыныштықты бақылайтын құқық қорғау органдарының еңбегі мен ерлігін құрметтеудің көрінісі, – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.


Жас офицерлер үшін нағыз адамгершілік пен патриотизмнің үлгісі атанған Халық қаһарманы Қайырбек Сүлейменов өз құттықтау сөзінде:


– Мен барлықтарыңызға бақыт, береке және денсаулық тілеймін, - деп лебізін білдірді.


Мерекелік іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен жалғасын тапты.