Итбалықтар Каспий теңізінен неліктен шығып кеткені түсіндірілді

P фото на taspanews.kz от 06 марта 2025 11:41
Фото: Pexels

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті Қаражанбас және Қаламқас кен орындарының жанында итбалықтардың құрлыққа шығуына қатысты мәлімет келтірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


2025 жылдың ақпан айының соңв мен наурыз айы басында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ауа мен су температурасының күрт төмендеуі суды мекен еткендерге әсер етті. Мұз сынықтарының тығыз орналасуы итбалықтардың суға сүнгуіне мүмкіндік бермеді. Осылайша, ересек итбалықтар балық аулау мүмкіндігінен айырылды. Өз кезегінде, жел мен су ағынының әсерінен мұздар жағалауға қарай ығысты. Мұз үстінде қалқыған итбалық балалары Қаражанбас және Қаламқас кен орындары жанындағы жағалауға шығып кеткен.


Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілімен бірлесіп өңірдегі жағдайды бақылау үшін келді. Ауа-райы қолайсыздығына байланысты межелеген жерге жету қиынға соқты.Ендігі кезекте, адасқан итбалықтарды табиғи ортаға қайтару бойынша шаралар қабылданады.


"Бұдан басқа, алдағы күндері жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп әуе көлігін пайдалана отырып, өңірді айналып өту белгіленді. Жағдай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бейінді ведомствосының бақылауына алынды",   – делінген ресми хабарламада.

 


Следите за новостями Taspanews