Итінің туған күнін тойлаған Өктем Алтаев сынға қалды

Фото: instagram.com/oktem_altayev

 Танымал әнші Өктем Алтаев Рокки атты итінің туған күнін тойлап, тіркелушілерінің қызу талқысына түсті. Ол итінің бір жасқа толғанын Instagram-дағы ресми парақшасында айтты.


Кадрлардан балауыз шам жағылған торт пен иттің басына кигізген арнайы туған күн қалпағын да көруге болады. Ал жұлдызды отбасы итті орталарына алып, туған күнімен құттықтады.


Ал өнер иесінің сөзінше, ит адамға әрқашан жақсы тілек тілейді.


«Ит егесінің «балалары көп болса,солардың қолдарынан түсіп қалған нандарды теріп жей берсем екен» деп тілейді», – деп жазды әнші.


Әншінің бұл ісін оғаш көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.


Пост из социальной сети

«Осындай отбасылар ұнайды», «Үй жануарларын жақсы көретіндеріңіз көрініп тұр», «Итіңізге құда түсейікші. Келісім берсеңіздер, сырға салуға дайынбыз», «Үйіңізге екінші Рокки керек емес пе?», «Туған күні құтты болсын, дәу жігіт болып өсе берсін», «Қияли отбасы», «Рокки иесіне ұқсаған ақылды музыкант болсын», «Мына иттің арманы жоқ шығар», «Ит құрлы қадіріміз жоқ екен, бізді бұлай ешкім құттықтамайды», «Рокки, қандай бақыттысың», – деп жазды желі қолданушылары.