Іздеуде 17 жыл болған есепші-алаяқ Ресейден табылды

Фото: Pixabay.com

Ірі қаржылық алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінген Өзбекстан азаматы Ресейден табылып, Алматыға жөнелтілді. Әйел ұзақ уақыт бойы қылмысынан кейін жасырын түрде көрші мемлекетте тұрып келген. Ол құқық қорғау органдарымен ұсталып, елге оралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына сілтеме жасап.


Күдікті 2005-2007 жылдар аралығында Алматыдағы құрылыс компанияларының бірінде есепші болып жұмыс істеген. Ол сол кезеңде үлескерлік құрылысқа ақша бөлгендерден қаражат алып, қылмыстық әрекетін бастады. Алайда, ол бұл қаражатты ресми тіркеудің орнына қаржылық есепте көрсетілмеген жалған түбіртектерді берген.


«Алаяқтық схема құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешеніне қатысты болды және 80-нен астам азаматқа үлкен шығын әкелді. Зардап шеккенде қаражатынан айырылып, жалпы шығын 3,7 миллиард теңгеден асты. Тергеу барысында әйелдің жалғыз әрекет етпегенін анықталды – оның сыбайластарының бірі сотталды,алайда өзі 2007 жылы Қазақстаннан қашып үлгерген және содан бері халықаралық іздеуде болған», – деп түсіндірді Бас прокуратурада.

Күдікті Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталды. Осыдан кейін Қазақстанның құқық қорғау органдары экстрадициялау рәсіміне кірісіп, сәтті аяқтады.


Бүгінде әйел уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу шаралары жүргізілуде.