Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру 20 желтоқсанда басталады

Фото: Pexels
Өтініш беру 20-30 желтоқсан аралығында жүзеге асу керек, – деп хабарлайды Taspanews.kz Testcenter-ге сілтеме жасап.
Тіркеу testcenter.kz сайтында және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.Тестілеудегі сұрақтар саны өзгеріссіз қалады. 120 сұрақтың ішіне 20 – Қазақстан тарихы бойынша,10 – математикалық сауаттылық және 10 сұрақ – оқу сауаттылығы бойынша.
Бейіндік пәндер бойынша 40 сұрақтан 2 пән тапсырылады. Максималды көрсеткіш 140 баллды құрайды. Қысқы ҰБТ 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүреді