Қаңтар айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындысында ең жоғары балл 138-ді құрады

Тест фото на taspanews.kz от 03 февраля 2025 14:12
Фото: Depositphotos

Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) үш аптасында 126 мыңға жуық талапкер сынақтан өтті, – деп хабарлайды taspanews.kz Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығына сілтеме жасап.


Тестілеу нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш – 138 балл, оны Шымкент қаласының оқушысы жинады. Сонымен қатар, 150 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті. Орташа балл 67-ні құрады, ал шекті балды 72%-ға жуық талапкер еңсерді. 78,7%-ы тестті қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, ал 62 адам ағылшын тілінде тапсырды.


Ең көп таңдалған пәндер комбинациясы – «Биология-Химия» (17,8%), «Математика-Физика» (17,2%) және «Математика-Информатика» (10,4%). Ал ең аз сұранысқа ие комбинация – «Химия-Физика», оны небәрі 149 адам таңдады.


Тестілеу кезінде 142 адамның нәтижесі жойылды. Олардың ішінде 89 талапкер тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка) алып өтпек болғаны үшін, ал 53 адам тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Өзгелердің орнына кіру тіркелмеді.


Қаңтар ҰБТ-сы 10 ақпанға дейін жалғасады. Тестілеу аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбалар тексеріліп, ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер жойылуы мүмкін.


Следите за новостями Taspanews