Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 4 қару табылды
Фото: Polisia.kz
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері жыл басынан бері 20 дана оқ қару мен травматикалық қару тауып, тәркілеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Ұрланған қарулардың арасында қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған 4 қару, сонымен қатар 6 граната мен 150-ден астам оқ-дәрі табылды.
«Осылайша, Алматы қаласының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қалалық тергеу изоляторының Түрксіб ауданындағы қызметкерлерімен бірлесіп, 3 келте мылтық, 3 тапанша, 4 граната және 50-ге жуық патрондар бар қойманы анықтады. Қаңтар оқиғасы кезінде қару дүкенінен ұрланған карабин де табылды. Қарулар тәркіленді. Іс-шаралары Тараз қаласында да жүргізіліп, 2 келте мылтық пен қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет салынған қойма табылды»,
Алматы облысында 2 Макаров тапаншасы табылды. Олар да қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған.
Polisia.kz