Қапшағайда заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
Фото: Pexels
5 қарашада Еңбекшіқазақ ауданы тұрғыны балық аулады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Моторлы қайық пен моножіпті торды қолдана ол полиция қолына түскен күні 32,6 келі балық тапқан. Мемлекетке келтірілген шығын 189 мың 352 теңгеге бағаланды.
"Заңсыз балық аулау фактісі қалалық полицияда тіркелді, ал тәркіленген балық арнайы қабылдағышқа өткізілді"