Қарағанды әкімі Саран қаласындағы жылудың кеш берілуін түсіндірді

Фото: Pexels

Қазандықтар дайын болғандығы келтіріліп, дұрыс ақпарат берілмегендіктен, әкімдік Сарандағы қазандықтардың ахуалын білмеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


13 қазан күні «Вечерняя Караганда» басылымында Қарағанды облысы Саран қаласы жылусыз қалғаны айтылған.


Saryarqa телеарнасындағы тікелей эфирде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Сарандағы қазандықтың кеш қосылуын түсіндірді. Қазіргі таңда іске қосу жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Өңірдегі 4 қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр. Солардың бірін қосу кезінде сорғы жабдықтарының техникалық ақауы орын алған.


«Жазда қала әкіміне сақтандыру үшін жергілікті қазандықтарды дайындау тапсырылды. Оның баяндамаларына сүйенсек, қосымша қазандықтар дайын болған. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспады. Салдарынан бұл қазандықтар кейінірек іске қосылды», – деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.