Қарағанды-Балқаш жаңа трассасының ашылуы
"Қарағанды-Балқаш" автожолында төрт жолақты қозғалыс ашылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТМ-не сілтеме жасап.
"Қарағанды-Балқаш" автожолының бастапқы секцияларында төрт жолақты қозғалыс іске қосылды. Бұл бағыт Астана мен Алматыны жалғайтын Орталық-Оңтүстік жол дәлізінің бөлігі болып табылады.
Кешеден бастап Қарағанды қаласын Ақбастау ауылымен байланыстыратын жол учаскесі ашылды. Осы сегменттегі барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бүкіл ұзындығы бойынша тосқауыл қоршаулары орнатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды-Балқаш автожолының жалпы ұзындығы 363 шақырымды құрайды. Жол I техникалық санатқа жатқызылған, онда төрт жолақ бойынша қозғалыс көзделген. Құрылысқа 11 көпір, ауылшаруашылық техникасына арналған 32 жол өткелі, көлік жол айырығы және теміржол өткелдері кіреді. Маршрут бойынша жаңа асвальт төселген.