Қарағанды қаласында қарияны 1 миллион теңгеге алдап кеткен

Фото: Pexels
Қарағанды қаласында 18 жастағы жігіт 83 жастағы қарияны 1 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Күдікті өзін дәрігер ретінде таныстырып, қарияға қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі екенін айтып, зардап шеккендерге жедел өтемақы төлеу қажет деген сылтаумен ақша алған.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.