Қарағанды облыстық сотында Шахтинск шахтасы бойынша іс қайта қаралды

Pexels фото на taspanews.kz от 02 декабря 2024 21:09
Фото: Pexels

 Қарағанды облыстық соты қалалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.


Шахтинскіде 5 шахта қызмекерінің қаза болуы мен одан бөлек – бірнеше қызметкердің ауыр және орташа деңгейдегі жарақаты үшін бас бостандығын айыру жазасымен сотталған азаматтар шешімге қанағаттанбайтын білдірген. Олар әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық болмағанын айтып, өздерін ақтауды және жазаны жоққа шығаруды сұрады.


Еске салсақ, олар тау-кен орнында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыпталды. Аппеляция барысында дәлелдер қайта қаралып, расталды. Оларға куәгерлер сөзі, сараптама нәтижелері және басқа да іс материалдары негіз болды.


"Сотпен істің нақты мән-жайлары дұрыс анықталған: Тау жыныстарының бремсберг өндірісінен көтерілетін газды дренажды және дренажды ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ бен шаңның көп мөлшері шығарыла отырып, шекті нормадағы метанмен газдану орын алды. Әрі қарай, ұшқынның пайда болуына байланысты метан газының жануы, содан кейін жарылыс болды", – Қарағанды облыстық соты.

Облыстық сот қорытынды мен жаза дұрыс тағайындалғанын айта келе, қалалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Жаза ҚК 277 бабы, 3 бөлігі аясында белгіленді.


Следите за новостями Taspanews